Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Сәулет
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Құрылыста баға белгілеу және сметалық нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу мен келісуге, Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын техникалық-экономикалық негіздемелері және құрылыс объектілері мен кешендері жобаларының баға көрсеткішін қарауға қатысу;құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;бюджеттік бағдарламаларды орындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша, басқарма жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау; материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, ағымдағы бағасына әдістемелік мониторинг жүргізу әдістемесіне, сметалық нормативтер мен құжаттамалардың ағымдағы деңгейдегі бағаларына мониторинг жүргізу рәсімдерін автоматтандыру үшін бағдарламалық бағдарламалық жасақтама әзірлеуге қатысу, құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы үдемелі, ресурс үнемдейтін технологияларын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдарды жеткізудің көліктік схемасын, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды енгізуді ескере отырып, технологиялық картаны, баға жасаудың элементтік жүйесінен конструктивтік жүйесіне көшу бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануда сметалық құн мен бағалар әзірлеу және қолданудың тәртібін анықтау мен ұйымдастыруға қатысу; құрылыс үшін ғылыми-зерттеу, зерттеу, жобалау және сараптау жұмыстарының, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде экономиканың барлық салалары бойынша салынатын құрылыс объектілерінің құнын анықтау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.03.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.03.2020

Сұхбаттасу орны

Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, 010000, г.Астана, ул. Мәңгілік Ел, д.8, подъезд №10

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 74-27-10