Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы - мемлекеттік құрылыс инспекторы, С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Сәулет
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Кәсіпкерлік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек және Әкімшілік рәсімдік-процестік Қазақстан Республикасының кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау саласындағы заңнамалық актілерді жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау. Азаматтармен жұмыс (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштерді қарау орнына барып қарау). Басшылықтың тапсырмасы бойынша құжаттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету. Депутаттық сауалдарға, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының хаттарына және жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау, сәулет, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының қала құрылысы тәртібін, регламенттерді, бас жоспарларды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын сақтау жөніндегі қызметін бақылау; республика өңірлерінде құрылысты жүзеге асыру және құрылыс, оның ішінде көліктік және гидротехникалық құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау рәсімін жүргізу барысында заңнама талаптарын бұзу болып табылады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау. Құрылысты жүзеге асыруға ниеті бар заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру рәсімдерінен өту кезінде артық талаптарды талап етуге жол бермеуді бақылау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау мәселелері бойынша облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен тұрақты өзара іс-қимыл жасау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.04.2022
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс, онлайн
-
74-25-66