Тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жерге орналастыру
- Информатика
- Құқықтану
- Сәулет
- Аймақтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Кадастр
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексілерін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс - қимылды қамтамасыз ету; Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу; жобалық менеджмент бойынша құжаттаманы жүргізу, жұмыс жоспарына сәйкес жобаларды іске асыру туралы ақпарат жинау және жобалық топтарға қатысушылардың жұмысын үйлестіру; халықаралық қатынастарды қалыптастыруға, талдау жүргізуге қатысу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қарау және дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен нормативтік құқықтық актілерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; депутаттық сауалдар, мемлекеттік органдардың хаттары, жеке және заңды тұлғалардың, үкіметтік емес ұйымдардың өтініштері бойынша жауаптарды қарау және дайындау; қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру; жұмыс үшін қажетті статистикалық ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.12.2021
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)
-
8-7172-74-25-66