Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас сарапшысы, (уақытша бос лауазымы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 02.04.2022ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексілерін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
"Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға қатысу, тұрғын үй құрылысы саласында болжамды деректерді дайындау, бюджет қаражатын игеру мониторингі; тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу; тұрғын үй құрылысы бөлігінде Министрлік және Комитет, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары әзірлейтін нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттардың жобаларын қарау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының, тұрғын үй құрылысы саласындағы бағдарламалардың (жоспарлардың) тиісті бөліміне мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарының бағыттары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді."Нұрлы жер" бағдарламасы, Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары және тұрғын үй құрылысы саласында іске асырылатын бюджеттік өтінімдер мен жобалар тізбесін қалыптастыру және жасау бойынша жұмысқа қатысу. Тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында, оның ішінде "G4 City"жобасы шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру (мониторинг және іс-шараларды орындау бойынша есептерді қалыптастыру) бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Кредиттік шарттар жасасу және облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының нысаналы трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларды келісу. ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау кешені бойынша есептер жасау және оларды Веб-порталға орналастыру; тұрғын үй құрылысы саласын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, Министрлік басшылығының тұрғын үй құрылысы саласындағы тапсырмаларын орындау, Министрлік, Комитет және Басқарма ұйымдастыратын семинарлар, кеңестер, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізуге дайындауға қатысу; азаматтардың өтініштеріне жауаптар дайындау, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың сауалдары мен хаттарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау. Басшылық жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.09.2021
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)
-
74-27-10