Құқықтық жұмыс және персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 2 бірлік.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және әзірлеуді ұйымдастыру және қатысу, Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, оның ішінде оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу; Комитетке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жасау; Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) келісуде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерін келісуді қамтамасыз ету және жәрдемдесу; комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестердің, жұмыс топтарының жұмысына қатысу; құқықтық мәселелерді қарау кезінде Комитеттің соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) мүдделерін білдіру; заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау, Комитеттің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша қызметкерлерге консультациялар көрсету; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.09.2021
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)
-
(8 7172) 74-27-10