Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және жалпы басқару. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің мониторингін ұйымдастыру. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді есепке алу және беру, тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметі бойынша. Тұрғын үй қорының жай-күйіне, "Нұрлы жер"бағдарламасының іске асырылуына Мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қатынастары саласында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспардың тиісті бөлімін әзірлеуге қатысу және оның мониторингін ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен келісімдерді дайындау, қорытындылар дайындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін, Парламент депутаттарының сауалдарын, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің тапсырмаларын қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Үкімет отырыстары мен кеңестерге, Министрлік алқасына материалдар дайындауға қатысу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2021 – 17.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 74-25-66