Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы, (уақытша бос лауазымы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 18.04.2022 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Сәулет
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Экология
  • Геодезия және картография
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасының кодексін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Үкімет отырыстары мен кеңестерге материалдар дайындауға қатысу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі заңдардың, қаулылардың, өкімдердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; реттелетін саладағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау. Нысаналы трансферттер бойынша қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын келісу. Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу. Бюджеттік инвестициялық жобаларға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына олардың іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізе отырып, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың сумен жабдықтау және су бұру бөлігінде коммуналдық қызметтерді дамыту жөніндегі қызметіне, инженерлік желілер мен сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының жай-күйіне талдау жүргізу. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бөлігінде жобалық топтарға (кеңселерге) қатысу. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын келісуге қатысу. Жетекшілік ететін саланы әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу. Басшылық жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2021 – 17.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 74-25-66