Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, (уақытша бос лауазымы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 21.10.2021 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Сәулет
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Құрылыстағы баға белгілеуді және сметалық нормалауды жетілдіру, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу және келісу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу; құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы есептер мен ақпаратты дайындау; мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын және Комитет бекітетін объектілер мен кешендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерінің және жобаларының құндық көрсеткіштерін қарау, құрылыс ресурстарына ағымдағы бағалар мониторингінің әдіснамасын, мониторинг жүргізу процестерін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, Құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы озық, ресурс үнемдейтін технологияларын пайдалану кезінде сметалық нормалар мен бағаларды әзірлеу мен қолдануды ұйымдастыру және тәртібін айқындауға қатысу, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдеуші технологияларды, жаңа материалдарды, конструкция бұйымдарын, баға белгілеудің элементтік жүйесінен конструктивтік элементтер бойынша баға белгілеу жүйесіне көшу жөніндегі нормативтік құжаттарды енгізуді ескере отырып, нормативтерді жаңарту; құрылыс үшін ғылыми–зерттеу, іздестіру, жобалау және сараптамалық жұмыстардың, сондай-ақ елдің жекелеген өңірлері бойынша экономиканың әртүрлі салалары үшін салынатын құрылыс объектілерінің құнын айқындау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдістемелік көмекті, ақпараттық және консультациялық қолдауды ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмысты жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2021 – 17.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 74-25-66