Коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы (уақытша бос лауазымы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 16.07.2021 ж. дейін), С-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңдарын, сонымен қатар Бюджеттік және Су кодекстерін білуі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы

Функционалды міндеттер

Коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша заңдардың, қаулылардың, өкімдердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеуге қатысу; реттелетін саладағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; коммуналдық саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларын келісуге, жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) салалық келісімдерді және Қаржы министрлігімен және ЖАО-мен үш жақты кредиттік шарттарды дайындауға қатысу. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға және мониторингілеуге қатысу, қаржылық бағалау әдістерінің көмегімен талдау жүргізу, сондай-ақ белгісіздік жағдайында қаржылық талдау және жобалардың өтімділігін талдау. Мынадай бағыттар бойынша жылыту кезеңдерінің дайындығы мен өтуін қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардан ақпарат жинау және Мониторинг жүргізу: белгіленген қуаты 100 гкал /сағатқа дейінгі автономды қазандықтар; білім беру және денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік объектілер; тұрғын үйлер; жылумен жабдықтау желілері. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға және мониторингілеуге қатысу; қаржылық бағалау әдістерін қолдана отырып талдау жүргізу. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, кеңестер мен отырыстарға материалдар дайындау, хаттамалар жүргізу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің, заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және даму жоспарларын келісу. Басшылық жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.04.2021 – 13.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.04.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-25-66