Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Сәулет
- Экономика
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын, Салық кодексін, Бюджет кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.
Функционалды міндеттер
Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен әзірлеу мен келісу; экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, үлгі жобаларын әзірлеуде салалық министрліктер мен ведомстволардан өтінімдер жинау, жоспарлау кезеңіне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, конкурстық құжаттамаларды дайындау және техникалық тапсырыстарды әзірлеу; конкурстар өткізу мен келісім-шарттар жасасу. Экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын тарату. Үлгі жобаларын қолдануда және үлгі жобаларын тексеру мен қайта қолдану үшін тізімге қосу мәселелері бойынша жұмыс топтары шегінде жобаларды қайта қолдануда, бұрын әзірленген жеке жобалардың қайта қолдануына қатысты сауалдарды қарау бойынша жобалау ұйымдарымен жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрлік пен Комитеттің тапсырмалары мен актілерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша жұмыс жоспарларын дайындау.
Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, жобаларына техникалық сараптау жүргізуге байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде құжаттамалар әзірлеу, үлгі жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (қызметтерін) ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалық құжаттардың, басқарма жұмысының және т.б. атқарылуы туралы есептер мен ақпараттар дайындау. Үлгі жобаларын әзірлеушілермен тұрақты жұмыс жасау. Құрылыс объектілеріне, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, үлгі жобаларын және жобаларды әзірлеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуді, тізілімдер жүргізуді, ТЭН және ЖСҚ жобаларының мемлекеттік сараптамадан өтуін және бекітілуін, жобалау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет және Министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.01.2021
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс
-
74-27-10; 8702-588-5778