Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 9 қазанға дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жерге орналастыру
- Информатика
- Құқықтану
- Сәулет
- Аймақтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Жылу энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Кадастр
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Комитеттің және Министрліктің құрылымдық
бөлімшелерімен, басқа да мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс - қимылды
қамтамасыз ету; Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, Министрліктің
стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу; жобалық менеджмент бойынша
құжаттаманы жүргізу, жұмыс жоспарына сәйкес жобаларды іске асыру туралы
ақпарат жинау және жобалық топтарға қатысушылардың жұмысын үйлестіру;
халықаралық қатынастарды қалыптастыруға, талдау жүргізуге қатысу, Басқарма
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобалары
бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қарау және дайындау; Қазақстан
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары
мен нормативтік құқықтық актілерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
депутаттық сауалдар, мемлекеттік органдардың хаттары, жеке және заңды
тұлғалардың, үкіметтік емес ұйымдардың өтініштері бойынша жауаптарды қарау
және дайындау; қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен
жұмысты жүзеге асыру; жұмыс үшін қажетті статистикалық ақпаратты жинау және
өңдеуді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қ. Қабанбай батыр данғылы 32/1 (Онлайн)
-
983-359