Кәріздік тазарту құрылыстары
undefined
2020 жылы республика бойынша жалпы құны 328,3 млрд.теңге құрайтын 53 жоба іске асыруы басталады. Қазіргі уақытта, бірыңғай техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.
КТҚ жобаларын іске асыру Үкіметтің мемлекеттік кепілдігімен халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тарту есебінен қаржыландырылатын болады.
Солайша, бүгінгі таңда Еуропа Қайта Құру және даму банкі мен Азия Даму Банкі 4 жылдық жеңілдікті кезеңмен 15-18 жылға дейінгі мерзімге кредиттік ресурстарды теңгеде бөлуге дайын.
КТҚ жобаларын іске асыру жаңа технологияларды енгізуді және 15 жыл ішінде КТҚ кепілді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
КТҚ 53 жобасын іске асыру кезіндегі кешенді тәсіл 2024 жылға қарай елді мекендердің ағынды суларын тазартумен 100% қамтамасыз етуге және елдегі экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Жалпы, КТҚ 53 жобасын іске асыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.