Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес, 2026 жылғы «3» - «6» тамыз аралығында «Ашық НҚА» порталында «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті қайта қарау жөніндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны орналастырылатынын хабарлайды.

Аталған реттеушілік құралды қайта қарау жобалау, құрылыс салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, сондай-ақ құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру, сәйкестікті бағалау, таңбалау, тасымалдау, сақтау және қолдану салаларындағы қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған реттеушілік құрал ғимараттар мен құрылыстарға, құрылыс материалдары мен бұйымдарына қойылатын қауіпсіздіктің міндетті ең төменгі талаптарын, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде сәйкестікті бағалаудың міндетті рәсімдерін белгілейді.