Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесі бекітілді

Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесі бекітілді

Қазақстан Рсепубликасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен «Сәулет-қала құрылысы кеңесінің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығы әзірленіп, жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, 2026 жылғы 12 ақпандағы № 54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38013 болып тіркелген) бұйрығымен бекітлді.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 32-бабының                            3-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

Сәулет-қала құрылысы кеңесі елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.

Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органы кемінде жеті адам тақ санында қалыптастырылады.

Сәулет-қала құрылысы кеңесіне жергілікті атқарушы органның өкілдері, сәулетшілер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау ұйымдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдардың өкілдері кіреді.

Кеңесті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкімі – Төраға басқарады.

Кеңес төрағасының орынбасарлары:

облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімінің құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың бас сәулетшісі.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1012111?lang=kk