Жиі қойылатын сұрақтар
Иә. Дизайн кодтарын бұзу құрылыс нормаларын бұзумен байланысты және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке жауапкершілік шарасы талап етілмейді, себебі ол ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабында қарастырылған.
Қолданыстағы АЖ (ГБИМ, e-PSD, eQurylys және т. б.) негізінде Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылды және QPortal.kz мекенжайда орналасқан.
Қазіргі уақытта жүйеде салалық цифрлық жүйелер - МҚК ААЖ, сараптама порталы, Е-құрылыс сервистері қолжетімді.
QРortal арқылы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобаларды сараптамаға қабылдау басталды.
Автоматтандырылған рұқсаттар тізілімі, жедел әрекет ету шарасы және «eQurylys» АЖ арқылы саланы цифрландыру енгізілуде. Объектілерді қабылдау кезеңінде бақылауды күшейту жоспарлануда. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды көбейту қарастырылған.
Иә, қабылданған Құрылыс кодексінде қолданыстағы заңнама шеңберінде өзінің тиімділігін көрсеткен "Жедел ден қою шарасы" тетігі енгізілді.
Қадағалаудың бұл нысаны рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу және т.б.) айыруға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі – ҚМЖ) тоқтата тұра отырып, шұғыл шараларды қолдануға және бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Салынып жатқан объектілерге бақылауды күшейту мақсатында құрылыс саласындағы бақылау органдарының қатысуымен құрылыс кезеңдерін басынан бастап пайдалануға беруге дейін "Жоспарлы инспекциялау" тетігі қосымша енгізілді.
Сондай-ақ субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау енгізілді.
Бұл тетік жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есептілігі, мәліметтері негізінде тұрақты камералдық бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
Бұдан басқа, бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы бақылау органдарының құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жетілдірілді.
Бұдан басқа, құрылыс кодексінде мемлекеттік органдардың (МТК, ТЖ) объектіні пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды бере отырып, объектілерді қабылдауға міндетті қатысуы көзделген.
Заңнамалық өзгерістер мен инновациялар бүкіл құрылыс циклін — басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін үздіксіз мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.
Жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер тек құрылыстағы үлестік қатысу туралы келісімдерге қолданылады. Қолма-қол ақшаға кез келген басқа жылжымайтын мүлікті сатып алуға тыйым салынбайды.
Жоқ. Қылмыстық жауапкершілікті енгізу бастамасы қолдау таппады, өйткені қазіргі Қылмыстық кодекстің 214-бабы осындай әрекеттерді қамтиды.