Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына, «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің   Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 09-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • Диаметрі 400 мм-ден 1200 мм дейін екі қабатты профильденген қабырғасы бар полимерлік құбырлардан жасалған сыртқы кәріз желілерін төсеу бойынша технологиялық карта;
  • Сыртқы жарықтандырудың дөңгелек және көп қырлы болат тіректерін монтаждауға арналған технологиялық карта;
  • Қаңқалы-қалқанды технология бойынша аз қабатты құрылыс кезінде құрылымдық оқшаулағыш панельдерден (ҚОП) ішкі және сыртқы қабырғаларды монтаждау бойынша технологиялық карта;
  • Полимерлік таспалармен диаметрі 219 - 1020 мм зауыттық және базалық оқшаулағышы бар құбырлардың дәнекерленген түйіспелерін оқшаулау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Механикаландырылған аспапты қолдана отырып, мамандандырылған базаларда темір-бетон шпалдарда рельс шпал торларын «Фосло» және ЖБР-65 бекіткіш типтерімен құрастыру бойынша техникалық-нормалау картасы;
  • Цемент және полимерлік қоспалардан жасалған құю едендерінің құрылғысы бойынша техникалық-нормалау картасы;
  • Құрғақ қоспалардан жасалған желім ерітіндісінде едендік және қабырғалық плиткаларды төсеу бойынша техникалық- нормалау картасы;
  • Құрғақ қоспалардан жасалған желім ерітіндісінде мәрмәр және гранит плиталардан жабын орнату жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Көп қабатты паркет тақтайларынан және жаппай паркет тақталарынан еден жабындарын орнату жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Линолеумнан едендерді орнату жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Металл жабынынан жасалған бір қырлы және екі қырлы шатырларды орнату жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Бір еңісті және екі еңісті шатырлы жабындардың белағаш жүйесін орнату бойынша техникалық-нормалау картасы бекітілсін. 
  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2020 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұйрық
Дата публикации
30 сентября 2020