Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

Баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2020  жылғы 21 қыркүйектегі № 09-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1)   «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2020 2020 жыл (3-шығарылым) (17 жинақ);

2)   «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР СБЖ 8.04-09-2020 2020 жыл (3-шығарылым) бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2020 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                          М. Жайымбетов

Бұйрық
Дата публикации
30 сентября 2020