Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 06-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2020, 2020 жыл (2-шығарылым) (17 жинақ);
2) «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР СБЖ 8.04-09-2020, 2020 жыл (2-шығарылым);
3) «Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және жабдықтарды монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтары, Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалануға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалар жинағы, Құрылыстағы сметалық тарифтік ставкалардың жинағы» (ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.05-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015, ҚР МПСБЖ 8.04-11-2019, ҚР СТС 8.04-07-2019) Өзгерістер мен толықтырулар. 19-шығарылым» бекітілсін.
Төраға М. Жайымбетов