Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы»  Қазақстан Республикасы Индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің   Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің  2020  жылғы  23 маусымдағы № 06-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Іске қосу-жөндеу жұмыстарына арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинағы»  ҚР ЭСН 8.04-03-2020 мынадай тізбеге сәйкес бекітілсін:

Іске қосу-жөндеу жұмыстарына арналған ресурстардың шығысының элементтік сметалық нормаларын қолдану жөніндегі жалпы ережелер;

1-бөлім. Электр техникалық құрылғыларды іске қосу-жөндеу жұмыстары;

2-бөлім. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің іске қосу-жөндеу жұмыстары;

3-бөлім. Желдету және ауаны баптаудың іске қосу-жөндеу жүйелерінің жұмыстары;

4-бөлім. Көтергіш-көлік жабдықтарын іске қосу-жөндеу жұмыстары;

5-бөлім. Металл өңдеу жабдықтарын іске қосу-жөндеу жұмыстары;

6-бөлім. Тоңазытқыш және компрессорлық құрылғылардың іске қосу-жөндеу жұмыстары;

7-бөлім. Жылу энергетикалық жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары;

8-бөлім. Ағаш өңдеу жабдықтарын іске қосу-жөндеу жұмыстары;

 9-бөлім. Сумен жабдықтау және кәрізді іске қосу-жөндеу құрылыстарының жұмыстары. 

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2020 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                  М. Жайымбетов

БҰЙРЫҚ
Дата публикации
05 июля 2020