Жария тыңдауларды өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығының 15-тармағына сәйкес Мемлекеттiк монополия субъектiсi – «Мемсараптама» РМК өндiретiн және өткiзетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) құнының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Тыңдаулар 2022 жылғы 11 тамызда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Күлтөбе 7 т, 1-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі. Байланыс телефондары: 8 (7172)  98-32-57, 8 (7172) 57 37 22.

Эл.почта: t.zhangilishev@miid.gov.kz, ahmetova@gosexpertiza.kz

Эл.адрес: www.miid.gov.kz, www.gosexpertiza.kz.

Хабарландыру
Дата публикации
20 июля 2022