«Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 36 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
- ВЛ болат тіректері үшін іргетастардың біріздендірілген конструкцияларын монтаждауға арналған технологиялық карта;
- Электр берудің жоғары вольтті желілері үшін темірбетонды центрифугирацияланған құрастырмалы тіректерді монтаждауға арналған технологиялық карта;
- Қуаты 300 кВт дейін чиллерлерді монтаждауға арналған технологиялық карта;
- Ғимараттардағы видеобақылау жүйелерінің жабдығын монтаждау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Қолжетімділікті бақылау жүйесі жабдықтарының кешенін монтаждау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Ғимараттарды электр жарықтандырудың ішкі жүйелерінің құрылғысы жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Баспалдақ марштарын монтаждау және қаңқасыз-панельді ғимараттардағы баспалдақ алаңдарының плиталарын төсеу жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Қаңқасыз-панельді ғимараттарындағы қабырға панельдерінің жіктерін бітеу жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Қаңқасыз-панельді ғимараттардағы жабындар плиталарын және балкондар элементтерін монтаждау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
- Диаметрі 100 мм бастап 1000 мм дейін полимерлік құбырлардың жіктерін дәнекерлеу жөніндегі техникалық-нормалау картасы бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.