Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 36 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2021, 2022 жыл (17 жинақ);
  • «Құрылыс объектілерін инженерлік жабдықтауға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР СБЖ 8.04-09-2021, 2022 жыл;
  • «Құрылысқа арналған жүктерді тасымалдауға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 1-бөлім. Автомобиль тасымалдары» ҚР ЖТБЖ 8.04-12-2021, 2022 жыл;
  • «Құрылысқа арналған жүктерді тасымалдауға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 2-бөлім. Теміржол тасымалдары» ҚР ЖТБЖ 8.04-12-2021, 2022 жыл;
  • «Құрылыс машиналарын және механизмдерін пайдалануға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР МПБЖ 8.04-11-2021, 2022 жыл;
  • «Құрылыстағы еңбек шығындарына арналған сметалық бағалардың жинағы» ҚР ЕШСБ 8.04-13-2021;
  • «Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және жабдықты монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтары (ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.05-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015) Өзгерістер мен толықтырулар, 24-шығарылым» бекітілсін.
  1. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Дата публикации
10 декабря 2021