«Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 24-4-05 НТС/2274-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Құрылысқа арналған инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағы» ҚР ИБЖ 8.03-04-2021 (3 бөлім):
- 1-бөлім. «Инженерлік-геодезиялық ізденістер»;
- 2-бөлім. «Инженерлік-геологиялық ізденістер»;
- 3-бөлім. «Инженерлік-гидрографиялық жұмыстар. Өзендердегі инженерлік-гидрометеорологиялық ізденістер».
- «Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағы» ҚР ЖБЖ 8.03-01-2021 (13 бөлім):
- 1-бөлім. «Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу кәсіпорындары»;
- 2-бөлім. «Металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі кәсіпорындары»;
- 3-бөлім. «Машина жасау өндірісінің кәсіпорындары»;
- 4-бөлім. «Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары»;
- 5-бөлім. «Көлік және байланыс кәсіпорындары»;
- 6-бөлім. «Қала құрылысы, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар»;
- 7-бөлім. «Химия өнеркәсібі кәсіпорындары»;
- 8-бөлім. «Сумен жабдықтау және кәріз. Тереңдетілген құрылыстар мен конструкциялар, құрылыстық су төмендету және дренаж су шаруашылығы құрылысы»;
- 9-бөлім. «Кәсіпорындардың өрт сөндіру, газ тазарту және шаң тұту құрылыстары. Өнеркәсіптік пештер, кептіргіштер, түтін және желдету құбырлары, жылу оқшаулау құрылымдары және коррозияға қарсы қорғаныс»;
- 10-бөлім. «Энергетика объектілері»;
- 11-бөлім. «Орман шаруашылығы кәсіпорындары»;
- 12-бөлім. «Құрылыс материалдары мен металл конструкцияларын өндіру, орман, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары»;
- 13-бөлім. «Жеңіл, тоқыма және жергілікті өнеркәсіп» бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.