Технологиялық және техникалық-нормалау карталарын бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 24-4-05 НТС/2274-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • Алюминий профильден жасалған есік блоктарын орнату бойынша технологиялық карта;
  • Өнімділігі 10 кВт дейінгі фанкойлдарды монтаждау жөніндегі технологиялық карта;
  • Гипсті ойық-ойық тақталардан жасалған аралықтарды орнату жөніндегі технологиялық карта;
  • Поливинилхлоридті профильдерден жасалған витраждарды орнату жөніндегі технологиялық карта;
  • Электр жетектері және Іштен жану қозғалтқыштары бар нығыздағыштармен топырақты тығыздау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Қаңқасыз-панельді ғимараттарда қабырғалардың сыртқы және ішкі панельдерін монтаждау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Диаметрі 50 мм дейінгі газ құбырын ғимаратқа енгізу жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Сыртқы кәріз желілерінде құрсауы бар шойын және полимер люктерді монтаждау жөніндегі техникалық-нормалау картасы;
  • Енгізу диаметрі 40-125 мм тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылу пунктін монтаждауға арналған техникалық-нормалау картасы;
  • Қаңқасыз-панельді ғимараттардағы кіру топтарын монтаждауға арналған техникалық-нормалау картасы бекітілсін.
Технологиялық және техникалық-нормалау карталарын бекіту туралы
Дата публикации
21 сентября 2021