Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №  24-4-7/1784-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2021, 2021 жыл (17 жинақ), 3-шығарылым бекітілсін.
Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Дата публикации
14 июля 2021