ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жөнінде

1.1. Қазақстан Республикасының Құрылыс саласының, өнеркәсіптік құрылыс материалдары мен тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығының 2021-23 жылдарға арналған салалық Келісімі (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), 2014 жылғы 27 маусымдағы «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасының құрылыс кешені мен тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық ұйымдарының тұрақты және тиімді қызметі мақсатында жасалды. Келісім құрылыс саласының қызметкерлері мен Жұмыс берушілері, құрылыс материалдары өндірісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық арасындағы әлеуметтік-еңбек және экономикалық қатынастарды реттеудің жалпы қағидаттарын, еңбекке ақы төлеудің жалпы шарттарын, сала қызметкерлеріне еңбек кепілдіктері мен жеңілдіктерін белгілейді, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік тараптарының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. Осы Келісімнің ережелері (тараулары) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 153-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметі, республикалық Кәсіподақтар мен Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас Келісімнің негізгі бағыттарына сәйкес келеді.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жөнінде
Дата публикации
09 июля 2021