Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы

 

 

«Қазақстан  Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі  ережесінің  14-тармағының  27) және  29)  тармақшаларына,  «Құрылыстағы  баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы индустрия  және инфрақұрылымдық  даму  министрлігінің  Құрылыс  және тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылық  істері  комитеті Ғылыми-техникалық  кеңесінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 01-9/1529-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

«Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» ҚР СБЖ 8.04-08-2021, 2021 жыл (17 жинақ), 2-шығарылым;

 «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» ҚР СБЖ 8.04-09-2021, 2021 жыл, 2-шығарылым;

Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжат: «Құрылыс жұмыстарына және жабдықты монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтары, Құрылыс машиналарын және механизмдерін пайдалануға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы,  Қыс мезгілінде құрылыс монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағы (ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015, ҚР МПБЖ 8.04-11-2020, ҚР ҚШН 8.04-06-2015) Өзгерістер мен толықтырулар. 22-шығарылым»бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы
Дата публикации
11 июня 2021