Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы

Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары жіткеуші бекітілсін.
  2. «Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы» Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 100-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                    М. Жайымбетов

 

Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы
Дата публикации
02 февраля 2021