|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІCTEPІ КОМИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА |
|
||
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІCTEPІ КОМИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ СТРОИТЕЛЬСТВА И ЖИЛИЩНО - КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА |
|
|||
|
БҰЙРЫҚ |
|
ПРИКАЗ |
||
|
_____________ № ___________________ |
|
|
||
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Шатырлар мен жабындар» ҚР ЕЖ 3.02-137-2013 Қазақстан Республикасының Ережелер жинағында:
2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
2-кесте – Орама мастикалық материалдардан жасалған жабын құрылымы
|
Жабын еңкіштігі % |
Жабын түрі |
Негізгі су оқшаулағыш төсеме |
Су оқшаулағыш төсеме бетіндегі қорғаныш қабат |
|
0 - 1,5 төмен (еңкіштігі аз, тегіс) |
Орама
|
Орама материалдардан жасалған а) битумды мистикада 5 қабат шірімейтін жамылғыш б) 3 қабат бағытталатын орама битумды немесе битумды-полимерлі в) 3 қабықшалы материал (битумды, полимерлі-битумды және т.б) г) 1 қабат полимерлік (эластомерлі вулканизацияланған немесе термопластикалық және т.б) минус 40ОС аспайтын температурада икемді, шатырдың астына, механикалық бекітпемен немесе желімдеу әдісімен еркін төселген |
Залалсыздандырылған битумды мастикадағы қиыршық тас қабаты. Сумен толтырылатын жабындар үшін қиыршық тас қабаты. Сумен толтырылатын жабындар үшін қиыршық тас қабаты залалсыздандырылған битумды мастикада 20 мм. |
|
|
|||
|
Мастикалы |
Мастикалы (битумды, полимерлі және т.б), қалыңдығы 8-10 мм армирленген шіруге тұрақты материалдар (шыны-кенеп, шыны-тор және т.б) |
Залалсыздандырылған битумды немесе битумды резеңкелі мастикадағы қиыршық тас қабаты |
|
|
1,5 - 2,5 аз (еңкіштігі орташа тегіс) |
Орама, мастикалы |
3 қабат орама материал және жоғары қабаттардың жылу ұстау талаптарына жауап беретін қалыңдығы 5-8 мм ірі дәнді мастикалық композиция (3-4 сағатта 80ОС кем емес) |
Ірі түйіршікті сеппесі бар орама материал |
|
2,5 - 10 (тегіс-еңкіш) |
Орама, мастикалы |
3 қабат орама материал және қалыңдығы 5-8 мм, жылу тұрақтылығы 3-4 сағатта 85 ОС, иілгішітігі - 10ОС артық емес мастика |
Ірі түйіршікті сеппесі бар орама материал |
|
10 - 25 (еңкіш) |
Орама, мастикалы |
2 қабат орама материал және қалыңдығы 5-6мм,жылу тұтқырлығы 3-4 сағатта 90°С кем емес және иілгіштігі минус 10°С жоғары |
Ірі түйіршікті сеппесі бар орама материал және ашық түсті атмосфералық қорғаныс (мысалы, Бт-177) |
|
Ескерте 1 Беткі қабатында түрлі-түсті ірі түйіршікті сеппесі жоқ материалы бар, алюмохлорфосфатты құраммен, сұйық шынымен немесе басқа да атмосфераға тұрақты материалдаремн боялмаған жабындарын жарамдылық мерзімін ұзарту үшін оны битумды-полимерлі немесе басқа да атмосфераға тұрақты құрауыштармен қорғаныштық бояу ұсынылады.Жобада бояуды әрбір 2-3 жыл сайын жаңартып отыру қажеттігін ескерту керек. 2 Жеңіл тасталатын жабын үлескілерінде қорғаныш қиыршық тас қабатының орнына оттан қорғау құрауыштарымен бояу дұрыс болып табылады. 3 Мастикалық жабындарда шыны тор бойынша БН 50/50, ЕЯ 70/30, БЯ 90/10 белгілі битум ерітіндісімен МЕМСТ 6617 бойынша тегітеу дұрыс. Шыны тормермен армирленген мастикалық жабындарда мастиканың бір қабаты мен армирлеуші төсемені азайтуға болады. 4 Еңкіштік аз болғанда және жабынның тиімділігін қамтамасыз еткенде жұқа (3-6 мм) созылмалы материалдан (битумды-полимерлі, битумды) жасалған су оқшаулағыш кілемшенің алдын ала ендерін өзара желімдеп, кілемше 40 мм бойымен қиыршық тас қабатын төсеп желімдеу керек. Созылмалы материалдардан жасалған бір қабатты жаьбындарды жабындық гидрооқшаулағыш қабат ретінде қарастыруға болмайды . 5 Орама жабындарды орнату кезінде шірімейтін негізді материалдарды пайдаланған дұрыс. 6 Жабын материалдарын таңдауды ғимарат беріктігіне және жабын материалдарына тәуелді жүзеге асыру керек. |
|||
»;
А қосымшасы А.1 кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
А қосымшасы
(ақпараттық)
Жабын құрылымын таңдау
Кесте А.1 – Климаттық ауданға байланысты жабын түрлері
|
Шатыр түрі |
Климаттық аудандар |
||||
|
I |
II |
III |
IV |
||
|
5 қабатқа дейін 5 қабаттан астам
5 қабатқа дейін 5 қабаттан астам |
Тұрғын үй Шатырлы
Шатырсыз (желдетілетін) |
Д
С
Д
Н* |
Д
С
Д
Н* |
Д
С
Д
Н* |
Д
С
Д
Д |
|
h ≤ 12 м кезінде h > 12 м кезінде
h ≤ 12 м кезінде h > 12 м кезінде |
Қоғамдық ғимараттар Шатырлы
Шатырсыз (желдетілетін) |
Д
С
Д
С |
Д
С
Д
С |
Д
С
Д
С |
Д
С
Д
С |
|
h ≤ 12 м кезінде h > 12 м кезінде
h ≤ 12 м** кезінде h > 12 м кезінде |
Өндірістік ғимараттар Біріктірілген
Шатырлы |
С
Д
Н
Д |
С
Д
Н
Д |
С
Д
Н
Д |
С
Д
Н
Д |
|
* Н қосымшасында келтірілген желдетілетін шатырдың конструкциясын қолдану кезінде рұқсат етіледі. ** Тиісті техникалық-экономикалық негіздеме және сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі уәкілетті органмен келісу кезінде рұқсат етіледі. ЕСКЕРТПЕ Қосымша А.2 кестеге арналған ескертпені қараңыз. |
|||||
»;
«Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 Қазақстан Республикасының Ережелер жинағында:
25 «Өнеркәсіптік альпинизм» - бөлім алып тасталынсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларында 1.02-03-2011:
8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.1 Берілген габариттер, есептік қуат, технологиялық процестер, функционалдық мақсат бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалары (Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтер не мемлекетаралық нормативтер) жоқ өзге де ерекше жағдайлар бойынша өзіндік параметрлері (сипаттамалары, қасиеттері) бар объектілерді жобалау кезінде Тапсырыс беруші ғылыми-зерттеу ұйымдарды тарта отырып, осы объект үшін жоқ нормативтерді алмастыратын жобалау мен құрылысқа арналған арнайы техникалық шарттарды (АТШ құжаты-ерекше нормалар) әзірлейді.
Көрсетілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы сметалық-нормативтік базасында сметалық нормалар болмаған кезде жеке сметалық нормалар (ЖСН) әзірленеді.
Көрсетілген арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар):
- осы объектінің олардың салдарынан әзірленген ерекшелігін көрсету және жобалауға арналған тапсырмадан туындайтын мақсаттар мен міндеттердің ерекшеліктерін ескеретін көлемдік-жоспарлау, конструкциялық және (немесе) инженерлік - техникалық, жобалық шешімдер бойынша арнайы талаптарды (ұсынымдарды) қамту;
- жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесімен, оның ішінде 7,5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі ошақтарының пайда болуы мүмкін аймақтарда және/немесе күндізгі бетінде тектоникалық жарықтар пайда болуы мүмкін учаскелерде орналасқан құрылыс объектілері үшін әзірленген АТШ келісілуі тиіс;
құрылыстың тиісті тапсырыс берушісімен бекітілуге тиіс;
- егер жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесінің осы арнайы техникалық шарттарды келісу туралы шешімінде өзгеше көрсетілмесе, осы объектіге ғана қолданылсын.»;
8.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.7 АТШ келісу туралы мәселені қарау үшін құрылысқа тапсырыс беруші жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесіне мынадай құжаттарды (бұдан әрі - құжаттама) ұсынады:
- Тапсырыс берушінің жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесі басшысының атына АТШ қарау туралы басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған еркін нысандағы өтініші;
- АТШ әзірлеу қажеттілігі, қабылданған жобалық шешімдер, өтемдік іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба (қолданыстағы нормалардан ауытқу туралы жарақат алған жағдайда);
- қажет болған жағдайда АТШ мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы ақпарат;
- әзірлеушінің лауазымды тұлғалары қол қойған және Тапсырыс берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен АТШ жобасы екі данада;
- АТШ әзірлеуге тапсырыс берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға куәландырған техникалық тапсырманың көшірмесі, сондай-ақ жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесінің сұрау салуы бойынша басқа да материалдар.»;
8.9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.9 АТШ келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешімді жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшесі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қабылдайды.»;
8.11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.11 Бұрын келісілген АТШ өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, құрылысқа тапсырыс беруші жергілікті уәкілетті органның бөлімшесіне жалпы тәртіппен тиісті құжаттаманы ұсынады.
Бұл ретте жаңадан өзгертілген АТШ келісілген жағдайда, бұрын келісілген АТШ жаңа АТШ келісу туралы шешім қабылданған күннен бастап күшін жояды».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен салалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Төраға М. Жайымбетов