Технологиялық карталарды және техникалық-нормалау карталарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Өзендердің беткейлері мен жағалауларын габаритті торлы бұйымдармен нығайтуға арналған технологиялық карта
2) «Duomatic» түзету-қағу-тегістеу машинасымен темір жолды түзету бойынша технологиялық карта
3) Май ұстағыштарды орнату жөніндегі технологиялық карта
4) 1600кг дейін жүк көтергіштігі бар толассыз кабиналары бар жүк-жолаушылар лифтілерін монтаждау бойынша технологиялық карта
5) Дайын негіздер бойынша резеңке бояумен гидрооқшаулау құрылғысы бойынша технологиялық карта
6) Темір жол өткелдерінің резеңке жабындарын орнату жөніндегі технологиялық карта
7) Қалыңдығы 0,25 м дейін ресайклермен араластырудың минералды тұтқыр әдісімен нығайта отырып, автомобиль жолдарының асфальтбетонды жабындарының негізін салу жөніндегі технологиялық карта
8) Ламинатталған еден жабынын орнату бойынша техникалық-нормалау картасы
9) Белгілеу машиналарын қолдана отырып, жол бойлық белгілеуді бояумен орнату бойынша техникалық-нормалау картасы
10) Асфальтбетонды қоспаны өздігінен жүретін катоктармен төсейтін асфальт төсегіштермен төсеуге арналған техникалық-нормалау картасы
11) Санитарлық тораптарда сантехникалық жабдықтарды орнату бойынша техникалық-нормалау картасы
12) Ғимарат қабырғаларын жылу оқшаулағыш материалдармен жылыту бойынша техникалық-нормалау картасы
13) Бағыттамалық крандарды пайдалана отырып, жол өткізгіштерінің аралық құрылыстарының арқалықтарын монтаждау бойынша техникалық-нормалау картасы бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов