Р. Тоқбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған ведомствоаралық кеңеске қатысты

2024 жылғы 6 желтоқсанда ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы
Р. Тоқбаев, басқарма басшылары Д. Елубаева мен Е. Мұсаров ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған ведомствоаралық кеңеске қатысты. Кеңесте ҚР Президентінің кеңесшісі Закирья К.Д., білім беру, ғылым және қаржы министрлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі.
Кеңес барысында білім беру және ғылым салаларында анықталған жүйелі заң бұзушылықтар талқыланды.
Жиналыс барысында Агенттік бухгалтерлік есеп үшін бұлтты шешімдерді енгізу, тәуекелдерді басқару жүйелері және бюджет процестерін автоматтандыру сияқты шараларды ұсынды. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық схемаларын ерте кезеңде жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ғылымды қаржыландыру мәселелері де талқыланды.