Қазақстан қазынашылары PEMPAL отырысына қатысты

Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев, басқарма басшылары Еркебұлан Мұсаров, Дана Еубаева және «Электронды қаржы орталығы» АҚ өкілі Айгүл Жұмағалиевадан тұратын Қазақстан делегациясы 2024 жылғы 3-6 маусым аралығында Сербияның Белград қаласында өткен PEMPAL Қазынашылық қауымдастығының (Дүниежүзілік банк) тақырыптық отырысына қатысты.
Қазынашылық қауымдастығының жұмыс тобының отырысының негізгі мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазіргі қазынашылық саласындағы соңғы үрдістерді талқылау, қатысушы елдердің тәжірибесін зерделеу болып табылады. Шара барысында қатысушы мемлекеттер өздерінің жетістіктері туралы ақпаратпен алмасты.