Зейнуллин Айвар Талгатович Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысының 25.09.2023 жылғы № 821-ж/к бұйрығымен Зейнуллин Айвар Талгатович Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Зейнуллин Айвар Талгатович 1992 жылы Қарағанды облысында туған. Президенттік жастар кадр резервінде тұрады.
Білімі жоғары. 2012 жылы Букингем университетін «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2013 жылдың қаңтарынан бастап 2015 жылдың қаңтары аралығында «Аршалы асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
Қаржы министрлігінің жүйесінде 2015 жылдан бастап 2018 жыл аралығында «Қаржы академиясы» АҚ менеджері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің сарапшысы, Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласының жергілікті атқарушы органында жұмыс істей бастады, 2019 жылдың мамырынан бастап Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.