12 маусым - жалпыұлттық аза тұту күні

12 маусым - жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанда 12 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту күні өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Абай облысында орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген құжат мәтінінде.

Қасіреттің белгісі ретінде бүкіл елде тулар түсіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 60 мың гектар аумақты алып жатқан ауқымды орман өрті салдарынан "Семей орманы "мөр"РММ Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.

Олардың есімдері:

  1. Тоқтасын Серікжан Бакытбекұлы;
  2. Жиенбаева Мейрамгуль Кусаиновна;
  3. Губаев Алексей Григорьевич;
  4. Начиненов Константин Сергеевич;
  5. Нуржигитов Саят Нуржанович; 
  6. Сидорин Виктор Александрович; 
  7. Сидорин Александр Викторович;
  8. Фоминых Максим Владимирович; 
  9. Гражданкин Петр Александрович;
  10. Пузырев Сергей Николаевич;
  11. Дарибаев Александр Викторович;
  12. Ганьшин Даниил Евгеньевич;
  13. Пузырев Николай Иванович;
  14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайда көрсеткен самоігі мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін қаза тапқандар "Құрмет"орденімен марапатталды.

2023 жылғы 9 маусымда Абай облысының орман алқабындағы өрт фактісі бойынша ҚК-нің 292-бабының 2-бөлігі бойынша "екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-kazahstane-prohodit-den-traura-501792/