Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД 21 елінен келген сарапшылардың қатысуымен Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысы

Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД 21 елінен  келген сарапшылардың қатысуымен Қазынашылық қоғамдастықтардың (PEMPAL және PEMNA) бірінші бірлескен пленарлық отырысы

Мәжіліс барысында мынадай тақырыптар қозғалады:

- ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің мемлекеттік бюджетті атқару саласындағы тәжірибесі: қазынашылық органдарының функциялары мен міндеттері, негізгі жетістіктері;

-   бюджетті орындаудың әртүрлі модельдері және қазынашылық бақылау мен тәуекелдерді басқару құралдарын қолданудың тиісті тәсілдері;

- басқа елдердің қазынашылықтарында қолданылатын цифрлық технологиялар;

- dBrain жүйесінің жаңа буынын енгізу бойынша Корея Республикасының тәжірибесі.

- бюджеттің орындалуы және қазынашылық бақылау шаралары: француз және англо-саксон модельдерін салыстыру және басқа да тақырыптар.

Қазынашылық қуымдастықтардың осындай пленарлық отырыстары жыл сайын қоғамдастыққа мүше елдерде өткізіліп тұрады. Мақсаты – мүше  елдердің қазынашылықтарындағы соңғы жаңалықтарды талқылау. Мұндай басқосулар кәсіби тәжірибемен бөлісу, біліктілікті арттыру арқылы мемлекеттердің бір-бірінен үйренуіне, тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.

Басталу уақыты

23 мамыр 2023

Соңғы күні

26 мамыр 2023

Өткізу орны

город Алматы

Оқиға түрі

Конференция