Меню

Страницы

Статья

БАТЫРОВ МАҚСОТ ҚАЖЫҒАЛИҰЛЫ

1930 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Фурманов ауылындағы қазіргі Ғ.Молдашев атындағы орта мектебін бітірген. Білімі жоғары. 1949-1954 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқып бітірген, мамандығы - мал дәрігері.

1954-1962 жылдары Жәнібек ауданында мал дәрігері, ауданның бас мал дәрігері, «Сталин» атындағы колхоз басқармасының төрағасы, 1962 жылы Фурманов аймақтық ауданаралық өндірістік басқарманың бас мал дәрігері, 1963 жылдан басқарма бастығының бірінші орынбасары, 1965-1966 жылдары Фурманов аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1966-1968 жылдары Москва қаласындағы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, 1968-1971 жылдары Чапаев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1971-1972 жылдары Жәнібек аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1972-1978 жылдары Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1978-1985 жылдары Фурманов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1985-1990 жылдары облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1990 жылдан зейнеткер, еңбек ардагері, 2001 жылдан  Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

         «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет  грамотасымен, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  

 

Казталов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №6 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
САҒЫНОВ ЗАМИР САДЫҚҰЛЫ
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы