Меню

Страницы

Статья

ЖАДАНОВ СӘБИТ ҚАЙЫРҰЛЫ

1931 жылы 5 маусымда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Новая Казанка ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі.

1948 жылы Фурманов орта мектебін бітірген, 1953 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика институтын тәмәмдаған. 1953-1957 жылдары Ресейдің Орлов облысы Ливны қаласында «Ливгидромаш» зауытында экономист, цех бастығы, 1957-1958 жылдары Қазақ ССР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист, 1958-1960 жылдары Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, 1960-1963 жылдары Алматы «Эмаль-посуда» зауытының директоры, 1963-1968 жылдары Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын жоспарлау бөлімінде аға экономист, бөлім бастығы, 1968-1980 жылдары Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, 1980-1987 жылдары тұрақты өкілі, 1987-1991 жылдары КСРО Мемлекеттік статистика комитеті іс басқару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан зейнет демалысында.

1991-1997 жылдары «Казахстан коммерция» жоғарғы экономикалық ассоциациясының Мәскеудегі тұрақты өкілі, 1997-2001 жылдары Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

          «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 28 сәуірдегі №9 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ
10 мая 2023
ҚАУМЕТОВ НҰРЛАН ҚАЖИАКПАРҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы