Меню

Страницы

Статья

ӘМІРЕЕВ МҰЛХАЙДАР ӘМІРЕҰЛЫ

1938 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары, 1963 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 1980 жылы Ресей Федерациясы Саратов қаласындағы Д.И. Курский атындағы заң институтын бітірген, мамандығы – орта мектеп мұғалімі, заңгер.

          1956 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы орталығындағы А.Оразбаева орта мектебін бітірген соң, ауданда тұңғыш құрылған комсомол жастар бригадасының құрамында «Большевик» колхозы №2 фермасының аға табын меңгерушісі болып екі жыл жұмыс жасаған. Ұжымның қажырлы еңбек етуінің нәтижесінде сауын табыны жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізеді. 1957 жылы КПСС мүшесінің кандидаттығына қабылданды, сол жылы ауылдық кеңеске депутат болып сайланып, бөлімшенің комсомол жұмысына басшылық жасады. Сол жылы Кеңес Одағы жастарының қатарында Москва қаласында өткен VI Бүкілдүниежүзі жастары мен студенттерінің фестиваліне қатысқан.

          1963-1964 жылдары Казталовка ауданындағы «Бірік» чегізжылдық мектебінің мұғалімі, 1964-1965 жылдары аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, 1965-1966 жылдары аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1966-1969 жылдары аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1969-1973 жылдары аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1973-1977 жылдары Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 1977-1985 жылдары Орда аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 1985-1992 жылдары Фурманов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, зейнеткерлікке шыққан соң да, қоғамнан қол үзбей құқық мәселелері бойынша заң кеңесшісі, жоғары оқу орындарының оқытушысы қызметтерін атқарған.

Казталовка, Орда, Фурманов аудандарында қызмет жасаған кезеңде бірнеше рет аудандық партия комитеттерінің мүшелігіне және аудандық кеңестердің депутаттығына сайланған, Қазақстан комсомолы IX съезінің делегаты.

 

         Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
САҒЫНОВ ЗАМИР САДЫҚҰЛЫ
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы