Меню

Страницы

Статья

АБИЕВ АЙСАҒАЛИ АБИҰЛЫ

1936 жылы 10 тамызда Орал облысы Фурманов ауданы Төртпішен ауылдық советіне қарасты «Жұлдыз» колхозында дүниеге келген.

1952 жылы Жұлдыз сегіз жылдық мектебін бітіріп, 1952-1956 жылдары Гурьев ауылшаруашылық техникумында «ветеринар» мамандығы, 1956-1961 жылдары Алматы мал дәрігерлік - зоотехникалық институтында «зооинженер» мамандығы бойынша білім алған.

Алғашқы еңбек жолын 1961 жылы Фурманов ауданы Балықты колхозының бас зоотехнигі болып бастайды.

1966 жылы 15 наурыз күні Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрі Рогонецтің №151-к бұйрығымен Орал облысы Фурманов ауданында жаңадан құрылған «Қараөзен» қой совхозының директоры қызметіне тағайындалып, 1973 жылы Алматы қаласына қоныс аударуына байланысты қызметінен босатылды.

1974-1994 жылдары Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Мемлекеттік баға комитетінде жауапты қызметтерді атқарып, комитеттің коллегия мүшесі болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты, қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады.

Ол елден жырақта жүрсе де, 2014 жылдан бері Казталов аудандық «Ауыл айнасы», Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газеттерінде өзінің естелік-танымдық мақалаларын жариялап келеді.

         1967 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1970 жылы «Лениннің 100 жылдығы», 1981 жылы «За трудовое отличие», 1987 жылы «Еңбек ардагері»; 2010 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл», 2015 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» медальдарымен, 1975 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен, СССР Мемлекеттік баға комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

        

Казталов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 мамырдағы №6-3 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ
10 мая 2023
ҚАУМЕТОВ НҰРЛАН ҚАЖИАКПАРҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы