Меню

Страницы

Статья

МАҚАТОВ ҰЗАҚБАЙ МАҚАТҰЛЫ

        1945 жылы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Фурманов (қазіргі Казталов) ауданына қарасты Көктерек ауылдық округінде дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тапқан, өзі колхоз жұмысындағы жалғыз анасының тәрбиесімен өскен. Белі қатпастан еңбекке араласып, ауыл мектебінен асып оқи алмады. Ол көп жылғы еңбек жолында шаруашылықтың сан қилы жұмыстарын атқарды, трактор жүргізіп, пішен шапты, құрық алып мал бақты. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1990 жылы жеке шаруашылық құрған аудандағы тұңғыш фермер. Ұзақ жылдар бойы мал басын өсіріп, шаруасын көтеріп, елдің алдынан көріне білді. 1992 жылдың өзінде Алматыда өткен кәсіпкерлердің құрылтай жиналысына шақырумен қатысып, кәсіпкерліктің болашақ көкжиегі туралы үлкен ой түйіп, шаруашылығын нығайта түсті.

        Қолы босаған сәттерде шығармашылықпен айналысады, айтыстарға қатысып «Аудан ақыны» атағын иеленді. Туа біткен талант иесі қаламынан шыққан шығармаларының қай түрін де сиясы кеппестен газет бетіне ұсынып отырады.

         Қазіргі уақытта балалары басқаратын «Балауса», «Қамысқора» қыстақтарындағы шаруашылыққа бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын бақылап отырады. Бүгінде мәуелі бәйтеректей қанат жайған ұрпақтары Астана, Орал қалаларында және Жалпақтал ауылында тұрады. Ол ақындық өнерімен қоса үлкендік құқығын орнымен пайдаланып, жастарға, елге ақыл-кеңестерін, нақыл сөздерін, баталарын ұсынып отыратын парасат-пайымы биік ақсақал.

       «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, басқа да мерекелік медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бірқатар мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №24-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ
10 мая 2023
ҚАУМЕТОВ НҰРЛАН ҚАЖИАКПАРҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы