Меню

Страницы

Статья

БИСЕНҒАЛИЕВ СӘРСЕНҒАЛИ БИСЕНҒАЛИҰЛЫ

1952 жылы 27 шілдеде Батыс Қазақстан облысы қазіргі Жаңақала ауданы Факей ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративтік институтын бітірген, мамандығы – инженер-механик. Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы Фурманов ауылында құрылысшы болып бастаған.

        1977 жылдан аудан, облыс, республика көлемінде әнші-термеші,айтыс ақыны, әуесқой сазгер ретінде танымал. Бүкілодақтық І, ІІ, ІІІ халық творчествосы фестивалінің лауреаты. Алғашқы айтысын 1986 жылдың қазан айында өткен республикалық телевизиялық айтысқа қатысудан бастаған. 1987 жылдың мамыр айында облыс көлемінде өткізілген ақындар айтысында «Облыс ақыны» деген құрметті атаққа ие болды. 1988 жылы өткізілген «қыз бен жігіт» айтысында бірінші орынға, 1989 жылы өткізілген «түре» айтысында екінші орынға ие болып, 1990 жылы «Орал өңірі» газеті белгілеген «Ең үздік ақын» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Сырым Датұлының 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық шешендер сайысында екінші орын алып, республикалық сайысқа қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды. 1995 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл толу мерекесіне орай өткізілген сазгерлер байқауында Мұқағали Мақатаевтың «Өмір жайлы» деген сөзіне жазылған әні арнаулы жүлдеге ие болды.

 

Казталов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы №24-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
10 мая 2023
АРТЫҒАЛИЕВ МӘДИ ӘДИҰЛЫ
10 мая 2023
ҚАУМЕТОВ НҰРЛАН ҚАЖИАКПАРҰЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы