
1950 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Фурманов ауданынан 1967 жылы бітірген. Білімі-жоғары, Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қаақ мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы географ, заңгер.
Орал қалалық өндірістік комбинатында инженер-технолог, Қазақ мемлекеттік стандарт мекемесінде инженер, бас инженер, сектор бастығы, орта мектепте мұғалім, Алматы қаласы Москва аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ ССР Мемлекеттік құрылыс инспекциясында инженер, аға инженер, Алматы облыстық туристік кеңесінде төраға орынбасары, бас директордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, Қазақстан туристік кеңес төрағасының көмекшісі, жастар ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінде жетекші инспектор, бөлім бастығы, мәдени-этнографиялық «Алтын» орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кеңесшісі, аға инспекторы, Құрманғазы атындағы қордың атқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты (1995-1999 ж.ж.), заң шығару және сот-құқықтық реформасы бойынша комитет мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Астана қаласындағы «Алаш» Корпорациясы» ЖАҚ өкілдігінің директоры, Қазақстан Республикасы мәдениет және өнерді қолдау Мемлекеттік қорының атқарушы директоры, «Қазақстан мәдениеті» ҚҚ атқарушы директоры қызметтерін атқарған. Өлкетану, өнертану, этнография, демография саласында зерттеулері бар
Заң шығару саласында БҰҰ-ның Алғысымен (1998 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы және ерекше белгісімен марапатталған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері (1991 ж.), Ш. Қалдаяқов атындағы сыйлықтың лауреаты (1992 ж.), «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің үздігі.
Казталов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №24-8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.