
1955 жылы қараша айының 28-ші жұлдызында Орал облысы Фурманов ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Фурманов орта мектебін бітірген. 1975-1977 жылдары аралығында Совет Армия қатарында қиыр шығыста азаматтық борышын атқарған. 1978 жылы Орал қаласындағы «Құрмет Белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы педагогика институтының «Дене тәрбиелеу мәдениеті» факультетін бітірген. 1982 жылдан бері Жалпақтал ауылында жаттықтырушы болып жұмыс атқарған.
2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Азия ойындарының алаушысы.
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және Казталов ауданы әкімінің алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №30-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.