
1955 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс. Білімі арнаулы орта.
1973 жылы Казталов ауылындағы А.Оразбаева атындағы орта мектебін аяқтап, Орал қаласындағы медициналық училищеге оқуға түседі. 1976 жылы білім ордасынан «акушер» мамандығын алып, жолдамамен мамандығына сәйкес туған ауылына жұмысқа орналасады.
Казталов аудандық ауруханасында үзіліссіз еңбек етеді, жалпы медициналық еңбек өтілі 39 жылды құрайды. Перзентханада қызмет істеген жылдарында 7,0 мыңға жуық сәбидің дүниеге келуіне жоғары кәсіби қызмет көрсеткен. 2013 жылы зейнеткерлікке шықса да, осы кезге дейін өзінің таңдаған жұмысынан қол үзген жоқ.
Көп жылғы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бірнеше рет аудан және облыс әкімдерінің, аудандық аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.