
1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Казталовка ауылында дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері.
Білімі жоғары, 1972 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, 1989 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген, мамандығы - инженер-құрылысшы, саясаттанушы. Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экология Академиясының академигі, Қазақстан инженерлік Академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының академигі.
Алғашқы еңбек жолын аудандық байланыс торабының электромонтері болып бастаған. 1972 -1979 жылдары «Оралауылқұрылыс» тресінің прорабы, инженері, бас инженері, №811 жылжымалы механикаландырылған колонна бастығы, облыстық «Оралколхозқұрылыс» тресінің бас инженері, 1979-1991 жылдары ҚазКСР Халық депутаттары Орал қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Халық депутаттары Орал қалалық Кеңесі атқару комитеті Промышленный аудандық атқару комитетінің төрағасы, Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Орал қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1991-1992 жылдары Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы, Орал қалалық кеңесінің төрағасы, 1992-1993 жылдары Орал қалалық әкімшілігінің басшысы, 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2000 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы-Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы-Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы өкілі қызметтерін атқарған.
2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
«Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған, «Қазақстан Республикасының құрметті теміржолшысы, «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» атақтарының иегері.
Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 тамыздағы №20-5 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.