Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
ЖҰМАҒАЛИЕВ МАРАТ ҒИНАЯТҰЛЫ

1957 жылы 5 қазанда Орал облысының Казталовка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Казталовка орыс орта мектебін 1974 жылы аяқтап, сол жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығы өндірісі үдерісін электрлендіру факультетіне оқуға түскен. Аталған институтты 1979 жылы бітіріп, инженер-электрик мамандығын алып шыққан. 1979 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін облыстың электр энергиясымен жабдықтау саласында еңбек етіп келеді.

         Казталов ауданының электр жүйесі торабында қосалқы станция тобының мастері, аудандық байланыс жүйесінің бастығы, аудандық электр жүйесінің аға мастері, бастығы болып жұмыс істеген. «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бөлім бастығы, АҚ басшысының орынбасары, техникалық директоры қызметін атқарған. 2013 жылдан бері «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ директорының бірінші орынбасары қызметінде.

         «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен (2001 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2003 ж.), ГОЭЛРО жоспарының қабылдануына 75 жыл толуына орай «ЗапКазЭнерго» өңірлік мемлекеттік кәсіпорнының «Құрмет грамотасымен» (1995 ж.) марапатталған.

         «Батыс Қазақстан облысы энергетикасының ардагері» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі» (2015ж), III шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (2003-2007 ж.ж.).

 

         Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

        

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы