
1935 жылы 21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы Асанқұдық ауылында дүниеге келген. Ғалым, геология - минерология ғылымдарының докторы (1989), Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі (1994), Қазақстан инженерлік академиясының академигі (1995).
1959 жылы ҚазМУ – дің геология бөлімін тәмамдаған, мамандығы – геолог.
Геологиялық партия коллекторлығынан бастап республикалық геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті.
Сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендерін, Ақтөбе облысындағы «Жаңа жол» мұнай-кен орнын зерттеп ашқан. Бірегей Қарашығанақ газконденсат кенін ашуға қатысқан ғалымдардың бірі.
80-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.
«Құрмет белгісі» және «Парасат» (1999) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №6 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.