
1954 жылы 13 наурызда Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары,
1977 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
1977-1979 жылдары Фурманов (қазіргі Казталов) ауданының Көктерек орта мектебінің мұғалімі, 1980-1992 жылдары Көктерек ауылдық клубының меңгерушісі, Фурманов аудандық газеті редакциясында тілші, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2001 жылдан осы кезге дейін Теректі ауданының «Подстепный» ауылындағы «Үміт» лингвистикалық гимназия директоры болып қызмет жасап келеді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері».
«Адамның жаны бір жұмбақ» (2001 ж.), «Өмір-арна» (2004 ж.) жыр жинақтарының, «Үміт жетелеген бес жыл» (2005 ж.), «Жылама, жырла Жайығым» (2011 ж.) кітаптарының авторы.
I шақырылған Жалпақтал аудандық мәслихатының депутаты, II шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, V шақырылған Теректі аудандық мәслихатының депутаты.
Казталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №30-2 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.