Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
ТАСПИХОВ АМАНГЕЛДІ САТЫБАЛДЫҰЛЫ

      1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қошанкөл ауылындағы Ғали Бегалиев атындағы орта мектептің бірінші класына барып, онжылдықты 1977 жылы Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінен аяқтайды. Білімі жоғары, 1982 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехника институтын «металл кесетін станоктар және құрал-саймандар, машина құрылғыларын жинақтау технологиясы» мамандығы бойынша, 2002 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

       Еңбек жолын 1982 жылы Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған. 1983-1989 жылдары Орал арматура зауытында инженер-технолог, учаске бастығы, мемлекеттік қабылдау өкілі, Орал қалалық партия комитетінде нұсқаушы, 1989-1998 жылдары Орал киіз басу фабрикасының директоры, кейіннен қайта құрылған көп салалы «Аяз» акционерлік қоғамының президенті, 1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінде төраға, төраға орынбасары, «Нұржанар» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Асар» партиясы фракциясының аппарат жетекшісі, Қазақстан сыра өндірушілері одағының президенті, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарған.

       2007 жылдан бері «Батыс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының Батыс Қазақстан облысы бойынша орынбасары қызметінде.

 

       Казталов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №24-8 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы