
1927 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Сарыкөл ауылдық советінде дүниеге келген. Тыл және еңбек ардагері. Білімі жоғары, 1960 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген, 1988 жылдан республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Еңбек жолын 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Фурманов селолық советінің секретары болып бастап, ұзақ жылдар партия, совет органдарында жауапты қызметтер атқарған, соның ішінде «Красный партизан» совхозының директоры (1961-1967 ж.ж.), Фурманов аудандық халықтық бақылау комитетінің председателі болып басшылық қызмет жасаған.
1999 жылы «Жалпақтал ауылының құрметті азаматы» атағы берілген.
КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және көптеген мерекелік медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталған.
Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы №37 шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.